1093
«Келін келгенше туған күн тойламаймын» – Жазира Байырбекова
Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова 45 жасқа толды.
Отандық әнші Жазира Байырбекова туған күніне орай әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Өмірге әкелген ата-анама рахмет! Жылы сөздерін аямайтын халқыма рахмет! Әбден ойландым. Ешкімге қиянат жасамаған сияқтымын, ешкімнен ештеңе тартып алмаған сияқтымын, ешкімге салмақ салып, зиян тигізбеген сияқтымын. Осы менің басты қағидам еді», – деді Жазира Байырбекова.
Әнші келін түсіргенше туған күнін атап өтпейтінін айтты.
«Түзу жолдан тайдырмаған Жаратқан иеме шүкір. Біліп, білмей істеген күнәларымды Аллам кешірсін. Біліп, білмей істеген кінәларым болса, сіздер кешіріңіздер! Сәлеммен жасын жасырмайтын, келін келгенше туған күнін тойламайтын Жазираларыңыз» деп жазды әнші.