1843
Азиада-2023: Қазақстан қоржынына 37-медаль түсті
Бірақ топ-10 қатарынан шығып қалды.
Қазақстандық спортшы Виктория Бутолина Ханчжоуда Азия ойындарында батутдағы гимнастикадан финалға қатысты, деп хабарлады turkystan.kz.
Prosports.kz сайтының мәліметінше, сайыс қорытындысы бойынша Бутолина үшінші орын алды. Ол 52.600 ұпаймен қола медаль еншіледі. Ал «алтынды» қытайлық Чжу Сюэ Инь, «күмісті» оның отандасы Ху Йичень алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде 37 медаль бар - 4 «алтын», 7 «күміс» және 26 «қола».