1318
Жылдамдықты 51 рет асырған жүргізушіге 1,5 млн теңге айыппұл салынды
Полиция қызметкерлері автокөлікті арнайы айыппұл тұрағына қойды.
Қостанайда жылдамдық режимін 51 рет асырған жүргізушіге 1,5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz.
29 қыркүйек күні Қостанайда патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» мобильдік қосымшасының көмегімен 1,5 миллион теңгеге жол қауіпсіздік ережелерін бұзған Ваз 2114 автокөлігінің жүргізушісін анықтады.
«Полиция қызметкерлері бұл автокөлікті арнайы айыппұл тұрағына қойды. Жүргізушіге қатысты анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды. Сондай-ақ жүргізуші сақтандыру полисі мен техникалық тексерудің жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.