Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Милад – жарыс нәтижесінде көпсайыстан жеке өзіне лицензия берілген 8 гимнастың бірі.

Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі
1464

Спорттық гимнастикадан Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан əлем чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Милад – жарыс нәтижесінде көпсайыстан жеке өзіне лицензия берілген 8 гимнастың бірі.

Бұдан бөлек, Бразилия, Бельгия мен Оңтүстік Кореяның Ұлттық федерациясы бір жолдамаға қол жеткізді. Бір айырмашылығы, бұл елдер Парижге қай спортшыны апаратыныны өздері шеше алады. Яғни, атлеттің нақты өзіне үлестірген жоқ.

Алдағы күндері Милад əлем чемпионатында көпсайыста, еркін жаттығуда, керме жаттығуының финалында жүлдеге таласады. Командалық жаттығу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы лицензияға иелік ете алмады.

Бүгін барлық 12 ел анықталды. Олар: Қытай, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Германия, Италия, Швейцария, Испания, Түркия, Нидерланд, Украина.
 

Серіктес жаңалықтары