Азиада-2023: ағайынды Емельяновтар күміс жүлдегер атанды

Қазақстандықтар Сергей мен Тимофей Емельяновтар Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Азиада-2023: ағайынды Емельяновтар күміс жүлдегер атанды
Туризм және спорт министрлігі
914

Ағайынды Тимофей мен Сергей Емельянов каноэ есуден 1 мың метр қашықтықта мәреге өзбекстандықтардан кейін екінші болып жетті. Үндістандықтар үздік үштікті түйіндеді.

Бұған дейін Сергей кеше Тимур Хайдаровпен бірге Азия алтынын алса, Тимофей жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Сондай-ақ Мария Бровкова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

 

Серіктес жаңалықтары