Шымкентте жылу мен электр жүйесіне бөлінген 1 млрд теңгені жымқырған шенеуніктер ұсталды

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Шымкентте жылу мен электр жүйесіне бөлінген 1 млрд теңгені жымқырған шенеуніктер ұсталды
ашық дереккөз
949

Шымкентте жылу мен электр жүйесіне бөлінген 1 млрд теңгені жымқырған шенеуніктер ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті тергеп жатыр.

Қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және лауазымды тұлғалармен бір топ адамдармен бірлескен қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы жұмыс пен тауарлардың құнын өсіріп, жылу желілері мен электр желілерін жөндеуге бөлінген 1,1 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары