997
Павлодарда балабақша маңында қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр
Оқиға куәгерлеріне іздеу салынды.
Павлодарда балабақша маңында қызға шабуылдаған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Сондай-ақ оқиға куәгерлеріне іздеу салынды.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, әлеуметтік желіде әйел адам № 43 және № 34 мектептердің аумағында қызына шабуыл жасалғаны жайлы жазған.
«Лермонтов көшесі, 99 мекенжайы бойындағы балабақшаның маңында болған оқиғаның куәгерлерін іздестіреміз. Оған көмек көрсеткен ақ Land Cruiser мінген ер адам хабарлассаңыз», – деп жазды хаттың авторы.
Облыстық полиция департаментінде аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасы Солтүстік бөлімшесінде тілкергенін хабарлады. Ер адамды анықтау бойынша іздеу шаралары жүргізілуде.