«Маймыл сияқты секіре береді»: Бақыт Сәрсекбаев Асыланбек пен жапондық боксшының жекпе-жегі туралы

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев та құрама капитанының бүгінгі жекпе-жегі туралы айтты.

«Маймыл сияқты секіре береді»: Бақыт Сәрсекбаев Асыланбек пен жапондық боксшының жекпе-жегі туралы
Фото: sports.kz
4759

2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Instagram парақшасында Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергеновтің Азия ойындарының жартылай финалында жапондық Севон Окадзавамен өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Асланбекке бақ та, бап та жетіспей тұр. Судьяларға «зажимать» етуге шанс бермеу керек, жігітіміз беріп қойды. Иә, оған әділетсіздік жасады. Ол жеңді, бірақ айқын басымдықсыз. Бүгін аздап әлсіз бокс көрсетті, кеше көзіміз өтіп кетті ма екен... Жапон әлсіз боксшы, маймыл сияқты секіре береді. Бірінші раундта-ақ бір жақты қылуға болатын еді. Өткен жолы еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңген еді. Аздап шеберлік жетпей қалды», - деп жазды Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев.

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев та құрама капитанының бүгінгі жекпе-жегі туралы айтты. Ол кездесу нәтижесін Азия ойындары тарихындағы ең әділетсіз шешім деп атады.

 

 

Серіктес жаңалықтары