Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов шаршы алаңда оныншы рет кездесетін болды

Екі боксшы бұған дейін шаршы алаңда 9 рет кездескен.

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов шаршы алаңда оныншы рет кездесетін болды
Фото: ашық дереккөз
2445

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан ерлер арасындағы турнирдің ақтық сынына жолдама алғандар тізімі белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

92 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалда қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысы Баходир Жалоловпен жұдырықтасатын болды. Бұл жекпе-жек 5 қазан, бейсенбі күні өтеді.

Бұған дейін отандасымыз үндістандық Нариндеерді 5:0 есебімен жеңген еді. Осылайша, Париж Олимпиадасына жолдама алды. Ал Жалоловқа келер болсақ, ол Қытайдағы этникалық қазақ боксшысы Байқоныс Данабекті нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, екі боксшы бұған дейін шаршы алаңда 9 рет кездескен. Отандасымыз қарсыласына алты рет есе жіберді.

 

Серіктес жаңалықтары