Азиада-2023: өткен жарыс күнінің нәтижесі қандай?

Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.

Азиада-2023: өткен жарыс күнінің нәтижесі қандай?
Ашық дереккөз
1116

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының өткен тәуліктегі жарыс нәтижелері жарияланды.

Атап айтқанда: 

Велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды. Алексей Қытай мен Гонконг спортшыларынан озып, 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те жүріп өтті. Бұл - Алексейдің спорттық мансабындағы Азия ойындарының 4-медалі.

Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада Азиаданың күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасына тағы 2 күміс медальді байдарка мен каноэде ескек есушілер әкелді: олар Тимофей мен Сергей Емельяновтар 1000 м каноэде есу, сондай-ақ Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 м каноэде есу.

Қола медаль жеңіп алғандар:

  • Рината Сұлтанова – тас жолдағы веложарыс (жекелей жарыс);
  • Надежда Дубовицкая - биіктікке секіру;
  • Каролин Чепкоеч Кипкируи - 5000 м жүгіру;
  • Мария Бровкова - байдарка мен каноэде есу (WС1, 200 м);
  • Асланбек Шымбергенов - бокс (71 кг).

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +92 келі салмақ дәрежесінде финалға шығып, Үндістаннан келген қарсыласын сенімді түрде жеңді.

10-жарыс күнінің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.

 

Серіктес жаңалықтары