Кеңес Рақышев Шымбергеновке көлік сыйлайтынын айтты

Бұл туралы Федерация президенті Facebook-тағы парақшасында жазды

Кеңес Рақышев Шымбергеновке көлік сыйлайтынын айтты
Спортты дамыту дирекциясы
1239

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Асланбек Шымбергеновке өз атынан автөкөлік сыйлайтынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Барша қазақстандық жанкүйерлермен бірге мен Асланбек Шымбергеновке қолдау көрсетемін. Елге оралған соң Асланбекке өз атымнан автокөлік сыйлаймын.

Асланбек Шымбергенов – қазақтың нағыз батыры!» деп жазды ол.

Бұған дейін Кеңес Рақышев А.Шымбергеновтің Азия ойындарындағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдіргені жайлы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары