752
Астанада 18 жастағы қыз терезеден құлап, көз жұмды (ВИДЕО)
Елордада балконнан құлап қайтыс болған қызға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр
Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қайғылы жағдай болған жерден түсірілген видео myastanacity Telegram арнасында жарияланды.
«Тұран даңғылындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлаған 2005 жылы туған елорда тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, полициядан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы мен өзге де деректері жария етуге жатпайтыны туралы ескертілді.