Абай облысының тұрғыны 44 жыл бойы құжатсыз жүрген

Тұрғын кеңестік қызыл паспортпен өмір сүрген.

Абай облысының тұрғыны 44 жыл бойы құжатсыз жүрген
polisia.kz
1409

Абай облысында 44 жыл бойы құжатсыз жүрген тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Көкпекті ауданының полиция бөліміне 44 жыл құжатсыз өмір сүріп жүрген 62 жастағы тұрғын жүгінді. Ол аудан орталығынан алыс мекенде тұратындықтан, сондай-ақ аса қажеттілік болмағандықтан жеке басын куәландыратын құжаттарын алмаған.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ұзақ жыл бойы ол кеңестік қызыл паспортпен өмір сүрген, 90-жылдары полицияға жүгініп, рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімін алған.

«Қажетті анықтамаларды жинап жатқанда, төлқұжатын да жоғалтқан. Биыл әйел зейнеткерлікке шығуы керек болғандықтан, қайтадан полицияға хабарласып, қысқа мерзімде жеке куәлік алды. Полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкерлері оған жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге көмектесті. Енді аудан тұрғыны әлеуметтік және медициналық қызметтерді еш қиындықсыз алады және зейнеткерлікке шыға алады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары