Марқұм композитор Арман Қайназаровтың соңғы хаты кімге жазылды?

Ақын-сазгер әрі әнші Арман Қайназаровтың жары «Қыздар-ай» бағдарламасында сұхбат берді.

Марқұм композитор Арман Қайназаровтың соңғы хаты кімге жазылды?
ашық дереккөз
3368

Әйелі Алтын Табылдықызы әншінің хаты «Арманды ішіп жүрген жерінен тауып алдым» деген журналист Тимур Нұғманға арналып жазылғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Оны ауруханда Тимурға арнап жазған. Хатта « Інім маған қанша жыл көмектесті. Оның да өзінің бала-шағасы бар екенін білемін. Бәрі маған көмектескісі келді.

Тимур, бірақ сен менің жалаңаш бейнемді әлеуметтік желіге салып, ұлдарымның алдында ұятқа қалдырдың. Сен ақымақтық жасадың» делінген», - деді А. Табылдықызы.

Алайда, Тимур Нұғман ол хатты Қайназаров өзі көзі тірісі кезінде көрсеткенін, реніштерін де білдіргені жайлы айтты.

«Ол хатты ауруханада жазған жоқ. Мен оны көріп қойғанмын. Арман екеуміз Алматыдағы Бутаковка шатқалына барғанда «саған ренжіп жазған хатым бар. Сен мені желіде жаман күйде көрсеттің» деп маған көрсеткен», - деді Тимур.

Еске салсақ, осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде араққа салынып, көшеде түнеген ақын әрі композитор Арман Қайназаровтың видеосы қоғамда қызу талқыға түскен болатын. Ол қазақ эстрадасының жұлдыздарына көптеген хит ән жазған. Мәселен, марқұмның туындыларын Ұлықпан Жолдасов, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина және Абай Бегей сынды өнерпаздар орындаған. Сондай-ақ көше кезген музыканттың әлі жарық көрмеген біраз туындысы бар екен.

Куәгерлердің айтуынша, Арман Қайназаров 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағын ауданындағы дәмхана маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскен. Кейін оның комаға түсіп, 19 қыркүйекте көз жұмғаны хабарланды.

 

Серіктес жаңалықтары