Әйеліне тіл тигізген: Павлодарда танысын өлтірген ер адам сотталды

Павлодар тұрғыны қылмысты мас күйінде жасаған.

Әйеліне тіл тигізген: Павлодарда танысын өлтірген ер адам сотталды
pixabay.com
668

Павлодарда танысын өлтірген ер адам сотталды. Ол қылмысты мас күйінде жасаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, биыл сәуір айында көшелердің бірінде ер адам танысының әйеліне тіл тигізген. Әйелдің күйеуі ашуланып, жиналмалы пышақпен танысына үш рет соққы жасаған. Танысы қан жоғалтқаннан оқиға орнында қайтыс болған. 

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, айыпталушы жасаған қылмыс аса ауыр қылмыстардың қатарына жатады және 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. 

Сотта ол өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.

«Сот жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескере отырып, ер адамды ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады», – делінген үкімде. 

Жәбірленушінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары