Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет

Жәния Абайқызы «Балаларды қорғау күні», «Мектепке жол» акциясы секілді мерекелерін өткізу кезінде демеушілік көмек көрсетіп келеді.

Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет
624

Ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған мықты мамандардың бірі – Жәния Хайдарова. Көкшетау қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы университетте математика және информатика пәнінің мұғалімі бойынша жоғары білімін алған Жәния Абайқызының жалпы педагогикалық өтілі – 24 жыл. Ол осы жылдар ішінде көп шәкіртке бар білгенін үйретіп, мамандыққа баулыған.

Жәния Абайқызы еңбек жолын 1998 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының №2 Ленинград орта мектебінде математика және информатика мұғалімі болып бастаған. Ел ішінде құрметі артқан ол соңғы 13 жыл бойы ол Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мағжан Жұмабаев ауданындағы Қарақоға орта мектебінің директоры болып қызмет атқарып келеді.

Ол өзі басқарып отырған білім ошағында 300-ге жуық оқушы білім алып жатқанын айтады. Ол ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтады.

«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, бір ғана мектептің ғана емес, бүкіл аймақтың ахуалын көтеруге болады. Барлығы өзімізге байланысты. Сондықтан әрбір ісімізге табандылық танытып, бірлесе істесек, көтерер жүгіміз де жеңіл болар», – дейді ол.

Ауылдағы оқу-тәрбие саласын ілгері дамытуда, болашақта өкшесін басар мықты мамандарды дайындау жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз қоғамдық істен де тыс қалмайды. Көптеген жыл бойы «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі ретінде қоғамдық істермен де айналысқан ол бұл істе өзін жақсы ұйымдастырушы, жауапкершілігі мол маман екенін көрсете білді. Ол аудандық мәслихаттың депутаты болып, қыруар іс атқарды. Әсіресе, ауылды абаттандыру бойынша халықпен жұмыс етене жұмыс істеді. Күрделі мәселелердің де шешімін тауып, жауапкершілікті мойнына алатын бастамашыл адам ретінде өзін көрсетті. Жәния Абайқызы «Балаларды қорғау күні», «Мектепке жол» акциясы секілді мерекелерін өткізу кезінде демеушілік көмек көрсетіп келеді.

Ол шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие, адамгершілік, адалдық тәрізді ізгі қасиеттерді бойына дарытып, дұрыс бағыт-бағдар бере білген. Білім саласында ұзақ жыл қызмет еткен үлкен жүректі абзал жан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан елеулі үлес қосып, облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар еліміздегі білім беру жүйесін дамытқаны, Тәуелсіз Қазақстанның рухани-әлеуметтік дамуындағы жетістіктері, ғылым саласына үлкен үлес қосқаны үшін екі рет «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары