Джалолов пен Қоңқабаевтың Ханчжоудағы жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды

Екі боксшы бұған дейін шаршы алаңда 9 рет кездескен.

Джалолов пен Қоңқабаевтың Ханчжоудағы жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды
Фото: ашық дереккөз
6351

Қазақастандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының финалында өзбекстандық Баходир Джалоловпен кездеседі, деп хабарлады turkystan.kz.

92 келіден аса салмақта сынға түсетін боксшылар 5 қазанда жекпе-жек өткізіп, «алтынға» таласады. Кешкі сессиядағы кездесу Астана уақыты бойынша шамамен 19:15-те басталады. 

Айта кетейік, екі боксшы бұған дейін шаршы алаңда 9 рет кездескен. Отандасымыз қарсыласына алты рет есе жіберді.

Серіктес жаңалықтары