Азиада-2023: Қазақстан қоржынына жетінші алтын түсті

Азия ойындарында қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алтын салды.

Азиада-2023: Қазақстан қоржынына жетінші алтын түсті
Нұрғали Жұмағазы
1620

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алтын салды, деп хабарлады turkystan.kz

Джиу-джитсудан ел намысын қорғаған Нұржан Батырбеков финалдық сайыста екі дүркін Азия чемпионын жеңіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта финалда Біріккен Араб әмірлігінің ө Мохаммед Аль-Суваидимен күресті.

Қазақстандық джиу-джитсу шебері қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

Серіктес жаңалықтары