«Дүкенде бомба»: ер адам ішімдікті қарызға бермеген сатушыдан кек алмақ болған

Ер адам Абай ауылындағы дүкендердің бірінде бомба орнатылғанын хабарлады.

«Дүкенде бомба»: ер адам ішімдікті қарызға бермеген сатушыдан кек алмақ болған
depositphotos.com
1234

Алматы облысының полиция қызметкерлері жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген ер адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

4 қазан күні түскі уақытта Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаментіне белгісіз ер адам қоңырау шалған. Ол Қарасай ауданы Абай ауылындағы дүкендердің бірінде жарылғыш құрылғы орнатылғанын хабарлады.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 35 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады. Ұсталған адамның айтуынша, ол дүкеннен қарызға ішімдік сұраған, өтінішін орындаудан бас тартқан сатушыға ызаланып, 112 нөміріне қоңырау шалып, дүкенде бомба бар екенін хабарлаған», – делінген Polisia.kz сайтыың хабарламасында.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша тіркелді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Серіктес жаңалықтары