Елімізге коронавирустың жаңа штамы келді – министр

Қазір барлық ел мен аймақта «Омикронның» жаңа штамдары тіркеліп жатыр.

Елімізге коронавирустың жаңа штамы келді – министр
ТАСС
840

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте коронавирустың жаңа штамы жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz

«Соңғы зерттеу деректері бойынша Қазақстанға «Эрис» деп аталатын «Омикрон» штамы келді. Қазір барлық ел мен аймақта «Омикронның» жаңа штамдары тіркеліп жатыр. Сыртқы ортада коронавирус айналымы кезінде мутациялар пайда болады, ай сайын ДДҰ әлемде көптеген түрлі штамды тіркейді», - деді Ажар Ғиният.

Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, министр атағандай, қазір 35 адам стационарлық ем алып жатыр.

«Штамм қандай болса да, клиникалық көрініс біртіндеп өзгереді, ауру кезеңі қысқарады, орташа немесе жеңілге ауысады. Қазір тек 35 адам стационарлық емдеуде жатыр. Бұл - қатар жүретін аурулары көп қарт адамдар», - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Серіктес жаңалықтары