Динара Зәкиева: Президенттің балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қолдау көрсеткені – көңілге медеу
"Ең бастысы – әрбір бала біздің елімізде өзінің толық қорғалатынын сезінентін алаңсыз күнге жету"
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін Республикалық педагогтер съезінде сөйлеген баяндамасына қатысты өз пікірін білдірді.
«Бүгін педагогтар съезінде Мемлекет басшысы мектептердегі буллинг және қауіпсіздік мәселесіне, балалар арасындағы қылмыс пен зорлық-зомбылыққа ерекше назар аударды. Сондай-ақ тиісті органдарға қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазіргі таңда балалар арасында күніне орта есеппен 5, ал балаларға қатысты 6 қылмыстық іс жасалды. Президент балаларға қатысты барлық жағдайлар бойынша есеп беріп отыруды тапсырды. Бүгінде Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен және «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттарымен бірлесіп, балаларға қатысты қылмыстардың барлық түрлері бойынша жазаны қатаңдату аясында 50-ден астам түзету, сондай-ақ әлеуметтік алдын алу шаралары көзделетін балаларға қатысты қауіпсіздік және зорлық-зомбылық жөніндегі заң жобасы әзірледі. Сонымен қатар, алдағы екі жыл ішінде мектептерде буллинг және суицидтің алдын алуда әлемдегі ең үздік бағдарламалардың бірін (ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, бейімделген) енгізу және өңірлерде балаларға психологиялық көмек көрсету орталықтарын ашу мақсатында Білім министрлігімен жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз. Сондай-ақ, балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолының бірі балаларды спортпен және қосымша біліммен қамту болып табылады, әсіресе ауылдық жерлерде жұмысты күшейтеміз. Өйткені 2247 ауылда балалар спортпен қамтылмаған (балалардың 44%-ы ауылдық жерлерде тұрады). Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасы бойынша қазір 50 мемлекеттік лагерь, 100 қосымша білім беру нысандарының құрылысын іске асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұған қоса, Шымкент қаласында 700 орындық, Алматы қаласында 1250 орындық инновациялық шығармашылық орталығы және т.б. нысандар ашылды. Сонымен қатар, біз «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АА қолдауымен ауылдарда жылдам салынатын спорт орталықтарын ашу бойынша жұмысты бастадық», – деді Д.Зәкиева.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының бүгінгі съезде сөз еткен балалар қауіпсіздігі мәселесіне тоқталды.
«Бізге күніне ондаған өтініш келіп түседі, онда ата-аналар әділеттілікке қол жеткізуді сұрайды. Мысалы, біз бүгін ұзақ уақыттық процедуралардан кейін Ақтөбе мектебіндегі баланың зорлық-зомбылығы мәселесі бойынша қылмыстық істі қайта бастауға қол жеткіздік.
Ел Президенті Қ.Тоқаев балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қолдау көрсетіп, барлық қажетті тапсырмаларды беріп, ерекше көңіл бөлуде.
Енді біз үшін де, мемлекеттік органдар үшін де ең бастысы – барлық тапсырманы тиімді жүзеге асыру және балаларды қорғауда әрқашан бір принципте болып, әрбір бала біздің елімізде өзінің толық қорғалатынын сезінентін алаңсыз күнге жету», – дейді Д.Зәкиева.