Ұстаз ақыл мен даналықтың иесі – Үнзила Шапақ

Өмір сүріп жатқан заман талабына сай, қажетті дағдыларды игеру өте маңызды.

Ұстаз ақыл мен даналықтың иесі – Үнзила Шапақ
turkystan.kz
1477

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезінде сөйлеген сөзіне қатысты өз ойын ортаға салды.

«Бүгін халықаралық Ұстаздар күні! Мемлекет басшысы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін 7 мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді. Өте қуанышты хабар.

Осы өмірде ұстазы жоқ адам кемде кем. Ұстаз ақыл мен даналықтың иесі.

Әжеміз айтады: нағыз ұстаз дегеніміз аулада ойнап, қаламсап тұрмақ қасық, шанышғыны дұрыс ұстай алмайтын бүлдіршінді сыныпқа кіргізіп, 6 сағат партаға отыруға, зейін салып тыңдау дағдысын қалыптастырып, оқу мен жазуға үйретіп берген бастауыш сынып мұғалімдері. Келіспеу мүмкін емес.

Адам баласы толық, адал адам болу үшін өмір бойы оқып, үйренумен жетіледі. Өмір сүріп жатқан заман талабына сай, қажетті дағдыларды игеру өте маңызды.

Сондықтан, Президент – іздене білетін, жаңа талапқа икемделе алатын, тәртіпті және ұқыпты жас мамандар бағаланатынын баса айтты. Әр азамат үздіксіз оқуы керек. Білімге құштарлықты бойына сіңіртетін орта мектеп мұғалімдері екеніне назар аударып кетті.

Қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою міндетін салалық министрлікке түбегейлі жүктеді. Қаладағы, даладағы мұғалімдердің қай қайсысы өз пәнін ғана жетік біліп қана қоймай, кең мүмкіндіктерге жол ашатын заманауи технологияларды игерген болуы тиіс екенін айта келе, ауыл мектептерін технологиялық жабдықтауды қатаң тапсырды.

Республикалық педагогтер сьезінің материалын әлі де зейін салып танысу қажет», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары