Қайрат Нұртастың інісі сүйіктісіне ұсыныс жасады (ВИДЕО)
Заңғар Нұртастың таңдауы Шымкент қаласының тумасы Индира есімді қызға түскен.
Белігілі әнші Қайрат Нұратастың кенже інісі Заңғар Нұртас Түркістан қаласында сүйіктісіне сөз салды.
Заңғар Индираға ерекше сөз салу үшін қатты дайындалған.
«Өмірімдегі маңызды сәтті ақылдасу үшін 2 күн бұрын киелі Түркістанға барып келдім. Түбім Түркістаннан болған соң Индираға осы жерде сөз салуды қаладым. Кешкі сағат 9-да бәрі болады. Экран ашылып, оннан нөлге дейін кері есеп кетеді. Одан кейін отшашу атылып, мен гүл беремін», – дейді ол.
Әлеуметтік видеоға ұсыныс жасаған сәтінен видео жариялаған. Онда Заңғар Нұртас сүйіктісіне «Еркетай, еркем менің жалғызым, Табиғатың ерекше, дарамысың?! Өмірдің ақ-қарасын бірге төзіп, мәңгілік сүйікті жарым болармысың» деп сезімін білдірген.
Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Бақыт тілеймін, бауырым», «Бақытты күндерің көп болсын», «Жүзі жылы, ажарлы екен», - деді оқырмандар.