755
"Тұрмысқа шығу оңай емес екен": Блогер Мерей Әбілова ұзату тойына 15 млн теңге жұмсағанын айтты
Мерей Әбілова Қарағандының “Шахтер” клубының футболшысы Дінмұхамед Қашкен есімді жігітпен көңіл қосты.
Блогер Мерей Әбілова ұзату тойына 15 млн теңге жұмсағанын айтты. Оның сөзінше, тұрмысқа шығу оңай емес, себебі барлығы – қымбат.
“Той көйлегін тіктіргелі жатырмын. Себебі ойымдағы көйлекті іздеп таппадым. Тойға шамамен 15 миллион теңгеден артық кетті. Алдағы уақытта одан да көп жұмсалмақ. Бір түсінгенім, тұрмысқа шығу оңай емес екен. Барлығы қымбат. Маған көп дүние әкелмей-ақ қой деген еді. Бірақ сонда да өте көп қаражат кетті”, – дейді ол.
Мерей Әбілова Қарағандының “Шахтер” клубының футболшысы Дінмұхамед Қашкен есімді жігітпен көңіл қосты. 23 жастағы Димаш 2023 жылдың наурыз айында Мерейге Париж қаласында сөз салған болатын.