962
Алматыда синтетикалық есірткі жасайтын екі ірі цех жойылды
Есірткі заттардың құны «қара» нарықта 420 млн теңгеге бағаланады.
Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияларды өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен үш азамат ұсталды.
«Тінту кезінде 21 кг «мефедрон» және «альфа-РVР», прекурсорлардың ірі партиясы мен зертханалық жабдықтар анықталды. Тәркіленген есірткі заттардың құны «қара» нарықта 420 млн теңгеге бағаланады, ал көлемі 85 000 рет қабылданатын мөлшерлемелерді құрайды», – делінген хабарламада.
Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.