Ұзын сақал, қысқа балақ, ниқаб һәм хиджаб

Қазақстанда қоғамдық орындарда ниқаб киюге тыйым салынады.

Ұзын сақал, қысқа балақ, ниқаб һәм хиджаб
ашық дереккөз
4771

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәселенің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

«Дәстүрлі емес діни ағымдардың дәстүрлі дінмен қатар қаншалықты белсенді жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Осыған дейін деструктивті материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілерге тәулік бойы мониторинг жүргізілді. 1- қаңтардан қыркүйектің соңына дейін терроризм мен діни экстремизмді насихаттау қағидаттарын қамтитын 14 860 материал анықталды, – деді А.Балаева.

Министрдің мәлімдеуінше, «Дін туралы» заңның бірқатар нормалары қайта қаралады. Қоғамдық орындарда ниқаб киюге тыйым салынады.

«Біз бұл мәселені зерттеп, тыйым салуды ұсынамыз. Қоғамдық орындарда ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұрады. Себебі бетін тұмшалап жүргендердің тұлғасын анықтау қиын. Сондықтан біз мәселені қоғаммен бірлесіп шешеміз. Талапты күшейтіп, заңды қатаңдату бойынша жұмыс істейміз. Комиссия құрылып, заң әзірленеді. Ол ашық үкімет порталына түседі. Кейін Мәжіліс пен Сенатқа жолданады...», – деді А.Балаева.

Серіктес жаңалықтары