1501
Азиада-2023: Слаломда ескек есуден Анастасия Ананьева күміс алды
19 жастағы Анастасия Ананьева 2022 жылы Таиландтың Паттайя қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.
Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында слаломда ескек есуден 19 жастағы қазақстандық Анастасия Ананьева күміс медаль алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық спортшының көрсеткіші - 119.29. Нәтижесінде екінші орынға қол жеткізді.
Жарыста бірінші орынды қытайлық Цзюань Хуан (107.71) иеленсе, қола медаль жапониялық Харуки Окадзакиге (119.59) бұйырды.