Алматыда «терезе жуамын» деп құлап, омыртқасын зақымдаған жалғызбасты анаға клинигтік компания көмек көрсетуден бас тартқан

«Хаят констракшн груп» компаниясына клинигтік қызметті басқа компания көрсеткен.

Алматыда «терезе жуамын» деп құлап, омыртқасын зақымдаған жалғызбасты анаға клинигтік компания көмек көрсетуден бас тартқан
freelancehack.ru
4967

Алматы қаласында клинигтік қызмет көрсетіп жүргенде жалғызбасты ана Ақкенже Сейілханова омыртқасын зақымдап алған, деп жазады turkystan.kz informburo бағдарламасына сілтеме жасап.

«Сегіз айлық сәбиім еңбектеп, мені көтер дегенде кеудесінен итеремін. Себебі баламды қолыма алмақ түгілі қимылдай алмай қалдым. Екі баламды жалғыз асырап жүргенде, омыртқамнан жарақат алып, жатып қалдым», - дейді ол.

Төсек тартып жатқан Ақкенже Сейілханова құрбылары арқылы шағымын жеткізген. Кенжесі небәрі 8 айлық, екі балалы жалғызбасты келіншек клинигтік қызмет көрсетіп, күн көріп жүрген, бірақ 9 қыркүйектен бері омыртқасына зақым келіп, төсек тартып жатыр.

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының жоғары жағында орналасқан Хаят Парк тұрғын үй кешенінде терезе жуып жатып, құлап кеткен келіншектің кішкентай баласын қазір көршісі бағып, азық-түлігін туыстары, құрбылары тасып жүр. Ал әр шаршы метрі 1 млн 200 мың теңге тұратын ауқаттыларға арналған тұрғын үй кешенінің терезесін жуып, жұмыс бабында жарақат алған әйелге компания көмек көрсете алмаған. Себебі «Хаят констракшн груп» компаниясына клинигтік қызметті басқа компания көрсеткен, ал ол компания жеке кәсіпкермен келісімшартқа отырған көрінеді.

Серіктес жаңалықтары