Ресей газы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалданатын болды

Үш елдің басшылары жобаны іске қосуға рұқсат берді.

Ресей газы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалданатын болды
Ақорда
1850

Мемлекет басшысы Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл тарихи оқиға Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге көтеретінін және елдер арасындағы тату көршілік қатынастар жылнамасының тағы бір жарқын бетін ашатынын атап өтті.

Президенттің пікірінше, жоба Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайту ісінде елеулі рөл атқарады. 

"Жылына 255 миллиард текше метрге дейін газ тасымалдай алатын магистральді газ құбырының 20 мың шақырымнан астам бөлігі еліміздің аумағы арқылы өтеді. Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін толық пайдалануға мүдделі және Ресей газын тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын", – деді Президент.

Үш елдің басшылары Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосуға рұқсат берді.

Серіктес жаңалықтары