1949
Израильдегі елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады
Онда "жедел желі" нөмірлерінің тізімі жарияланды.
7 қазанда Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
"Қауіпсіздік саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі барлық қазақстандық азаматтарға тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіз жерлерде қалуға және ресми билік хабарлағанға дейін оларды тастап кетпеуге қатаң кеңес береді", – деп мәлімдеді Қазақстанның Израильдегі елшілігі.
Төтенше жағдайлар кезінде Қазақстанның Израильдегі елшілігімен осы нөмірлер арқылы байланысуға болады:
+972 (3) 741 78 05 (кезекші), +972 55 273 38 13 (мобильді, whatsapp), +7 700 111 31 96 (whatsapp).