Азиада-2023: Қазақстан жүлде саны бойынша алғашқы бестікке кірді

Бүгін Азия ойындарында каратэші Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль алды.

Азиада-2023: Қазақстан жүлде саны бойынша алғашқы бестікке кірді
Ашық дереккөз
2332

Қытайда өткен Азия ойындарының қорытынды нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 80 медаль алып, жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ел құрамасы екі аптадан астам уақыт бойы 80 медаль (10 «алтын», 22 «күміс», 48 «қола») еншіледі. Бұл жөнінен қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте бесінші орынға жайғасты.

Ал Өзбекстан құрамасы 71 медаль (22-18-31) алып, алтыншы орынға табан тіреді.

Медальдар кестесіндегі үздік ондықтағы құрамалар:

1.Қытай - 383 (201-111-71)

2. Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89)

3. Жапония - 188 (52-67-69)

4. Үндістан - 107 (28-38-41)

5. Қазақстан - 80 (10-22-48)

6. Өзбекстан - 71 (22-18-31)

7. Кытайлық Тайбэй - 67 (19-20-28)

8. Таиланд - 58 (12-14-32).

Серіктес жаңалықтары