Ауғанстанда жер сілкінісінен 500 адам қаза болды

Табиғат апатынан келген шығынның көлемі әзірге нақты белгісіз.

Ауғанстанда жер сілкінісінен 500 адам қаза болды
Ашық дереккөз
1257

Ауғанстанның батысындағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 500-ге жетті, деп хабарлады turkystan.kz Хабар-24 арнасына сілтеме жасап.

Тағы 1 мыңнан аса тұрғын жарақат алды. Табиғат апатынан келген шығынның көлемі әзірге нақты белгісіз. Кеше Ауғанстанның Герат аймағында 6,3 балдық екі жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы осы шаһардан солтүстікке қарай 40 шақырымдай жерде тіркелді.

"Біздің ауруханамызға жер сілкінісі кезінде жапа шеккендер әлі түсіп жатыр. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуде. Зілзаладан жарақат алғандар артуы мүмкін", – деді дәрігер Шахпур Мухиб. 

Серіктес жаңалықтары