Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Азиадада болған келеңсіздіктерге шағымданып, халықаралық спорт трибуналына жүгінетінін мәлімдеді

Спортшылардың денсаулығы мен құқықтарын қорғау – ҰОК жұмысының басты басымдығы.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Азиадада болған келеңсіздіктерге шағымданып, халықаралық спорт трибуналына  жүгінетінін мәлімдеді
olympic.kz
1247

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Қытайда өткен жазғы Азия ойындары жөнінде баспасөз конференциясында айтулы спорт шарасында болған келеңсіздіктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері – боксшылар Асланбек Шымбергенов пен Карина Ибрагимоваға қатысты істер туралы ақпарат берді.

«Өкінішке орай, Ханчжоуда қазақстандық боксшылардың құқықтарының бұзылуы мүмкін жағдайлар орын алды. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Туризм және спорт министрлігімен, сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясымен бірлесіп, аталған жағдайда байланысты қажетті шараларды қабылдады. Спортшылардың өздерінен, жаттықтырушыларынан сұрау алынды, федерация мамандарымен және тәуелсіз сарапшылармен, заңгерлермен Асланбек Шымбергеновтің жекпе-жегінен кейін бірден кеңес жүргізілді. Бұл жарыстарда жекпе-жектерді ресми қайта қарау рәсімі болмағандықтан, біздің ойымызша, спортшылар төрешілердің шешімдеріне ресми түрде шағымдану құқығынан айырылған, бұл Азия олимпиада кеңесінің ережелері мен Олимпиада Хартиясында жазылған. Апелляциялық техникалық қазылар алқасы құрылмаған, рәсім PBU ережелерінде қарастырылмаған (ХОК-тың Париж-2024 бокстағы жұмыс тобы). Біз Халықаралық олимпиадалық комитет пен Азия Олимпиада кеңесіне тиісті шағымдарды жолдадық, олар қазіргі уақытта қаралып жатыр. Мұнда бокстың техникалық мәселелері ғана емес, құқықтық тәртіп пен спортшылар құқықтарын бұзу мәселелері де қозғалғандықтан, біздің талаптарымызға жауап дайындау тетігі заңды тұрғыдан күрделі және біршама уақытты қажет етеді. ХОК пен Азия кеңесінен алынған шешімдердің нәтижелері бойынша біз қажет болған жағдайда әрі қарайғы халықаралық спорт трибуналына жүгіну туралы шешім қабылдаймыз», - деді Андрей Крюков.

ҚР ҰОК төрешілердің субъективтілігі, бокс стильдерінің қақтығысы туралы әңгімелер, жеке жанашырлық жекпе-жектің соңғы есебіне әсер етпеуі керектігін айтуда. ХОК ұмтылатын басты қағида – таза бокс болуы керек, Қазақстан мұндай тәсілді толығымен қолдайды.

Жекпе-жекті бағалау критерийлері PBU бокс ережелерінде нақты көрсетілген. Егер ережелердің шынымен бұзылуына жол берілсе, апелляциялық алқабилер тиісті шешім қабылдауы керек.

«Өкінішке орай, Ханчжоудағы барлық жағдайды егжей-тегжейлі талдай отырып, көптеген қарама-қайшы сәттерді табуға болады. Жеребе тастау кезінде нақты іріктеу процедурасы қолданылмады, бұл өз кезегінде ең мықты боксшылардың алдын-ала жекпе-жекте кездесуіне, әйелдер боксына қатысушыларды гендерлік сәйкестендірудің нақты ережелерінің болмауына, төрешілердің көпшілігін бір «блоктан» нақты жекпе-жекке тағайындау және басқа да қайшылықтарға мүмкіндік ашты. Бұл фактілердің барлығы бокс сарапшылары қауымдастығында объективті күмән тудырады», - деп атап өтті Андрей Крюков.

Карина Ибрагимованың соңғы финалдық жекпе-жегінен бір күн бұрын ҚР ҰОК талабымен Азия Олимпиадалық кеңесінің медициналық комиссиясы шұғыл шақырылды. Комиссия нақты дәлелдер алу үшін қажетті іс-шараларды жедел ұйымдастырды. Мұндай процедуралардың нәтижелерін алуға, медициналық ұйымдардың деректерін өңдеуге біршама уақыт кетеді. Комиссия жұмысының нәтижесі дайын болғанда шешім қабылданады, соның негізінде қазақстандық тарап әрі қарай халықаралық спорт трибуналға жүгіну мәселесін шешпек.

«Туризм және спорт министрлігімен және Қазақстан бокс федерациясымен бірлесіп, қолданыстағы регламентке сәйкес бұл жұмысты құқықтық заң аясында жалғастырамыз. Спортшылардың денсаулығы мен құқықтарын қорғау – ҰОК жұмысының басты басымдығы», - деді ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков.

Серіктес жаңалықтары