Талдықорғанда жас отбасы көлікте газға уланып, көз жұмды

Әлеуметтік желіде жер үйлердің бірінің гаражынан жас жігіт пен қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады.

Талдықорғанда жас отбасы көлікте газға уланып, көз жұмды
Ашық дереккөз
3366

Талдықорғанда көліктен екі жастың денесі табылды, олар газға уланып көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жер үйлердің бірінің гаражынан жас жігіт пен қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. 

Пост авторының айтуынша, олар от алып тұрған көлікте ұйықтап қалған.

Полиция бұл фактіні растады. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қайғылы жағдай ретінде тіркелді. 

Алдын ала болжам бойынша, жастар улы газ салдарынан көз жұмған. Қазіргі күні оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары