1046
ҚНРДА құмар ойынға тәуелділерге несие беру шартын қатаңдатуды ұсынды
Агенттік қаулысының жобасына сәйкес, бұл санатқа «соңғы 6 айда ойын бизнесін ұйымдастырушыға 300 000 теңгеден астам сомаға үш реттен көп төлем жасаған» барлық жеке тұлға жатады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құмар ойынға тәуелділерге несие беру шартын қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz Ашық НҚА порталына сілтеме жасап.
Құжат мәтініне сүйенсек, құмар ойындарға тәуелділер үшін 0,25% болатын қарыз жүктемесінің ең жоғары деңгейін енгізу жоспарланып отыр.
Агенттік қаулысының жобасына сәйкес, бұл санатқа «соңғы 6 айда ойын бизнесін ұйымдастырушыға 300 000 теңгеден астам сомаға үш реттен көп төлем жасаған» барлық жеке тұлғаны жатқызуға болады.