Медициналық көмектің сапасынан бұрын қолжетімділігіне зəру болып қалдық – Асхат Аймағамбетов

Бұған дейін депутаттар жағдаймен танысу үшін Астанадағы бірқатар медициналық ұйымды аралап, Астана мен Қарағандының медицина қызметкерлерімен де кездескен еді.

Медициналық көмектің сапасынан бұрын қолжетімділігіне зəру болып қалдық – Асхат Аймағамбетов
ашық дереккөз
876

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжілістегі Үкімет сағатында МӘМС-тің төңірегіндегі негізгі мәселелерге тоқталып, оны шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл реформа денсаулық саласын тез арада жақсартып, оның қолжетімділігі мен сапасын əлдеқайда арттырады деген үміт болды. Жылдар өтті, казақстандықтар ай сайын қорға жарнасын төлеуде, бірақ сол үміт ақталды ма? Қызмет сапасы жоспарға сай артты ма? – деп сауал тастаған депутат өңірлерді аралағандағы нәтижеге тоқталды. 

Депутаттың сөзінше, проблема толық шешілмеген.

Өңірлерге барғанда, ауруханаларды аралап, сайлаушыларымызбен, эксперттермен, қарапайым дәрігерлермен болған кездесулерден, жүргізген зерттеулерімізден түйгеніміз – проблемалар толық шешілмеген. Медициналық көмектің сапасынан бұрын, біз қазіргі уақытта оның қарапайым қолжетімділігіне зəру болып қалдық, – деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат, негізгі мәселелерге тоқталып, нақты есептеп, жүйенің теңгерімді əрі тиімді моделін қалыптастыру керек екенін айтты.

Барлық ауыртпалық қарапайым азаматтардың қалтасына түспеуі керек, мемлекеттік бюджет өз міндетін толығымен орындап, қаражатты толығымен беруі керек. Халық бізден соны күтіп отыр. Алдағы үш ай ішінде кредиторлық берешек проблемасын, тарифтер проблемасын, шатасқан пакеттер проблемасы керек, – деді ол.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің проблемалары мен даму болашағы талқыланған жиында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады.

Бұған дейін депутаттар жағдаймен танысу үшін Астанадағы бірқатар медициналық ұйымды аралап, Астана мен Қарағандының медицина қызметкерлерімен де кездескен еді.

Серіктес жаңалықтары