1236
Шымкентте вагон үстіне шыққан 15 жастағы баланы тоқ соқты
Вагон үстіне шыққан 15 жастағы баланы тоқ соғып, денесін күйік шалған.
Шымкентте жасөспірім вагон үстіне шығып, тоққа соғылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 8 қазан күні, сағат 21.25-те болған.
Otyrar.kz сайтының мәліметінше, Тұран ауданы, Түргенев көшесінде «Қорғасын» темір жол стансасы бойында 2008 жылы туған бала вагон үстіне шығып, абайсызда электрлік күйік жарақатын алған.
Жарақат салдарынан бала 2-дәрежелі дененің күйігімен ауруханаға жатқызылған. Қазір жағдайы орташа ауыр.