Алматы-Өскемен тас жолында көлік аударылып, бір адам қаза тапты

Жүргізуші Алматы-Өскемен тас жолының 550 шақырымында рөлге ие бола алмай қалған.

Алматы-Өскемен тас жолында көлік аударылып, бір адам қаза тапты
Жетісу облысы ПД
705

Жетісу облысының Алакөл ауданында Mazda 626 көлігі аударылып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Көлікті 22 жастағы әскери қызметкер басқарған. Ол Алматы-Өскемен тас жолының 550 шақырымында рөлге ие бола алмай қалған.

«Жүргізуші мен 22 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары