5031
Астанада сауда үйінің маңынан қыздың мүрдесі табылды
Астанада бос алқаптан зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіт табылған.
Елордада Astana Mall сауда үйінің маңындағы бос жерден қыздың мәйіті табылды. Астана полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратты растады, - деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана полиция департаменті өкілдері елордада қылмыстық ахуал тұрақты екенін айтты. Қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте.
«Бос алқаптан зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіт табылған соң, елордалық полиция соталды тергеуді бастады. Тергеу-жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», - деп жауап берді полицейлер.