Газа секторында палестиналықтарға тұрмысқа шыққан Қазақстан әйелдері бар

Ертең Алматыдан Тель-Авивке арнайы ұшақ жіберіледі.

Газа секторында палестиналықтарға тұрмысқа шыққан Қазақстан әйелдері бар
AFP/Scanpix
1000

Израильде қайтыс болған, зардап шеккен, кепілге алынған қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Turkystan.kz. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

«Қазақстанның Израильдегі елшілігінде консулдық есепке елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда 77 азамат тіркелген. Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның 5 студенті оқиды. Сондай-ақ 30-ға жуық қазақстандық жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағлымдамадан өтіп жатыр. Барлығы – 112 адам. Тель-Авивтегі дипломаттарымыз Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста және олармен жедел іс-қимыл жасау мақсатында арнайы мессенджерде чат ашты. Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің болжамынша, Израильде консульдық есепке тұрмаған 400 жүзден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін», – деді А.Смадияров журналистерге арналған брифингте.

Ол шетелдегі қазақстандықтардың назарына Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық мекемелерінде консульдық есепке тұру қажеттілігін еске салды. Бұл процедура ерікті түрде және тегін жасалады. Бұл істі қашықтан да атқаруға болады.

«Есепке тұру үшін консулға тиісті ақпаратты, яғни төлқұжат көшірмесін және тұрғылықты мекен жайын жіберу қажет», – деді ресми өкіл.

А.Смадияров Газа секторында Қазақстанның 25-ге жуық азаматы бар екенін тілге тиек етті.

«Бұл негізінен палестиналықтарға тұрмысқа шыққан әйелдер, қазір олармен байланысуда проблема бар», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары