Қарағанды-Астана тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша көлікті басқара алмай қалған.
Қарағанды-Астана тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 9 қазан күні сағат 15.00 шамасында болған. Қарағанды облысы Осакаров ауданында Қарағанды-Астана тас жолында, Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде Ford Ranger автокөлігінің жүргізушісі Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша көлікті басқара алмай қалған. Ол жол жөндеп жатқан жұмыскерді соғып, кейін жол шетінде тұрған Камазға соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмыскер, Ford Ranger автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.