Шымкентте кибераферистер іздестіріліп жатыр

Олар көлік сату сайтында орналасқан басқа біреудің хабарландыруын көшіріп алып, төмен бағада жарнамалаған.

Шымкентте кибераферистер іздестіріліп жатыр
Фото: polisia.kz
876

Шымкент полициясы кибераферистерді іздестіріп жатыр Олар қала тұрғындарын 50 млн теңгеге алдаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы, Ақтөбе, Тараз қаласының 31,36,37 жастағы тұрғындары шымкенттік 30 адамды алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 50 миллион теңгеге жуық.
 

«Алиса Аманова, Элина Хамидова және Рамис Расимов есімді азаматтарға осы жылдың шілде айында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (бірнеше рет жасалған алаяқтық) халықаралық іздеу жарияланды», - деді полициядан.


Олар көлік сату сайтында орналасқан басқа біреудің хабарландыруын көшіріп алып, төмен бағада жарнамалаған. Қоңырау шалған клиентпен кездесу туралы келіскен. Келесі кезекте олар клиенттің атын жамылып, көлік иесіне телефон соғып, онымен де кездесуге келіскен.

Қаскүнемдер екі тарапқа да көлікті көруге және көрсетуге туысы келетінін, ақша жөніндегі мәселелерді онымен телефон арқылы шешу керектігін ескерткен. Осылайша олар нағыз сатушы мен сатып алушыны бетпе-бет жүздестірген соң, соңғысына қайта қоңырау шалып, ақшаны өз есепшоттарына аудартып алған.

Серіктес жаңалықтары