Атырау облысында еліміздің Туын қоқысқа тастағандарға қатысты тергеу басталды (ВИДЕО)

Атырау тұрғыны қоқыста жатқан Қазақстан Туын видеоға түсірді.

Атырау облысында еліміздің Туын қоқысқа тастағандарға қатысты тергеу басталды (ВИДЕО)
Фото: gov.kz
1267

Атырау тұрғыны қоқыста жатқан Қазақстан Туын видеоға түсірді. Полиция осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

«Мой город» порталының жазуынша, редакцияға Атырау облысындағы вахта қалашығы аумағында түсірілген видео жіберілген. Видео авторы еліміздің Туы қоқыста жатқанын айтады.

«Бұл – SICIM базасы. №8 блоктың қасындағы қоқыс арасында жатыр. Көк Туымызды жерге таптап жатқандарға шара қолданыңыздар», - дейді видеодағы ер адам.

Басылымның мәліметінше, бейнежазба Қаратабан кен орны аумағында түсірілген.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау) сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары