885
«Көпбалалы әке атану – үлкен арманым» – Мейрамбек Бесбаев
Әнші Мейрамбек Бесбаев арманымен бөлісті.
Әнші Мейрамбек Бесбаев «Таңшолпан» бағдарламасында көпбалалы әке болу арманы екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әбухайыр балам қазір 8-де, қызым 16 жаста. Жақында қызымның туған күні. Жеке куәлік алатынына қуанып жүр. Құдайға шүкір, білімдері жақсы. Көбіне тәрбиесімен шешесі айналысады. Мен түзде жүремін. Балаларым қазақи, қазақ мектебіне барады. Көпбалалы әке болу сұмдық арманымның бірі. Бірақ Алладан бұйрық болмаса, ештеңе болмайды. Көзге көрінгендердің өзі саналы боп өссе екен деп тілейміз», - деді Мейрамбек Бесбаев.