Айнұр Тұрсынбаева мен анасы ауруханаға түсті

Сүйектерім қақсам, буындарым біртүрлі ауырып тұр. Жөтелсем қабырғам сынып кететін сияқты, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Айнұр Тұрсынбаева мен анасы ауруханаға түсті
ашық дереккөз
2286

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ауруханаға түсті. Дегенмен, әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасына қарағанда, оның жағдайы жақсы.

El.kz ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек сол күні оның анасы да ауруханаға түскен.

Бүгін таңым жедел жәрдем шақыртудан басталды. Есесіне ауруханаға тегін жетіп алдым десем. Бірақ шындығында күлуге шамам жоқ. Сүйектерім қақсам, буындарым біртүрлі ауырып тұр. Жөтелсем қабырғам сынып кететін сияқты. Ауырып жатсам да сіздерге жазып үлгеріп жатырмын. Демек әзір өлмеймін. Бүгінгі тағы бір проблемам – ешкім тамырымды таба алмады. Төрт медбике келіп жеті жерден тесіп тастады. “Тамырыңыз қашып, ұстатпайды” деді. Бесіншісі келіп әрең салды. Қызық иә? Бүгін анам да жедел жәрдеммен кетіпті. Және оның да тамырын таба алмай, қатты қиналған екен. Ана мен бала бір адам, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

 

Серіктес жаңалықтары