6164
«Кімнің ажырасып кеткені, кімнің байға тигенінде шаруам жоқ» – Асқар Жұмаділдаев
«Әншілердің қандай йогурт жегені қызық емес».
Ұлттық ғылым академиясының академигі, математик Асқар Жұмаділдаев Turkystan.kz. тілшісіне әншілерді білмейтінін, олардың не ішіп, не жейтініне қызықпайтынын айтты.
«Мен әншілерді білмеймін, әншілердің өміріне қызықпаймын, олардың қандай йогурт жегені, не істегені қызық емес», – деді академик.
А. Жұмаділдаев талғамға талас жоқ екенін, әншілерден тұлға жасап жүрген қоғам кейін түзелетінін мәлімдеді.
«Қоғамда менің қандай шатағым бар. Қоғам ақымақ болса, сенде ақымақ боласың ба?! Онда тұрған не бар? Кейін түзеледі. Кімнің ажырасып кеткені мен кімнің байға тигенінде шаруам жоқ. Маған бәрібір», – деді Асқар Жұмаділдаев.