Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап, қайтыс болды

Оқиға 10 қазанда 17-шағынаудандағы «Green park» тұрғын үй кешенінде болған.

Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап, қайтыс болды
Ашық дереккөз
872

Ақтауда 16 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің төбесінен құлап, көз жұмды.

Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға 10 қазанда 17-шағынаудандағы «Green park» тұрғын үй кешенінде болған.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция өкілдері келді.

«Сағат 19.00 шамасында 17-шағынауданда мәйіт табылды деген шақыру келіп түсті. Оқиға орнында зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ 16 жасар қыздың мәйіті табылды», - делінген полиция хабарламасында. 

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қалалық СДТБТ-да тіркелді.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары