Бас мүфти: «Домбыра – харам емес»

ҚМДБ-ның дін мен дәстүр бөлімі ұлттық құндылықтарды насихаттайды.

Бас мүфти: «Домбыра – харам емес»
ашық дереккөз
1164

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осыған дейін шу туғызған даулы пікірге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Кейінгі кездерде әртүрлі діни ағымдардың қисық уағыздары, насихаттары біздің ұлтымыздың ұлттық құндылықтарына тиісе бастағанына куә болдық. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға және оны халыққа кеңінен насихаттауға міндетіміз. Ол ел бірлігі үшін аса маңызды. Сол себепті бұл жұмыс насихат негізінде жүргізіліп жатыр. Деструктивті діни ағымның алдын алу үшін заң тетіктері қажет, – деді ҚМДБ төрағасы.

Бас мүфти деструктивті ағым тұрақтылығымызға қауіп төндіретін болса, онда заңға сүйену қажеттігін алға тартты.

«Бейбітшілік сарайында бірнеше рет Пайғамбарымызға арналған іс-шара  өткіздік. Ол жерде домбыра мен ұлттық аспаптарымыз бен дініміз насихатталып, Пайғамбарымызға салауат, Аллаға мадақ айтылады. ҚМДБ 30 жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келе жатыр, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ол ҚМДБ-да дін мен дәстүр деген арнайы бөлім бар екенін, осы бөлім халыққа ұлттық құндылықтарды насихаттайтынын мәлімдеді.

«Домбыра – харам емес», – деді бас мүфти.

Серіктес жаңалықтары