Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды

Шымкентте жоғалған 8 жастағы баланы ата-әжесі 3 сағат іздеген.

Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды
polisia.kz
635

Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның «102» арнасына қарт кісі көмек сұрап хабарласты. Ол өзінің 8 жастағы немересі түскі сағат 13:00 шамасында үйінен ойнауға шығып, жоғалып кеткенін жеткізді. Әжесі мен атасы 3 сағат бойы өздігінше іздеп, нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Жоғалған баланы жедел-іздестіру шараларына патрульдік полиция полкінің жеке құрамы жұмылдырылып, қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілді.

«Жарты сағатқа жуық тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүлдіршін 4 шақырым қашықтықта адасып жүрген жерінен табылды. Бала ата-әжесіне тапсырылды. Өз кезегінде жергілікті азамат тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары