Сарыағашта педофилге жеңіл жаза кескен судья жаңа қызметке тағайындалды: Жоғары сот кеңесі жағдайға түсініктеме берді

Нұрғазы Шетенов өз өтініші бойынша Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылып, осы соттың судья болып тағайындалды.

Сарыағашта педофилге жеңіл жаза кескен судья жаңа қызметке тағайындалды: Жоғары сот кеңесі жағдайға түсініктеме берді
Фото: ВКонтакте
1350

Жоғары сот кеңесі Сарыағашта 5 жасар қызды зорлаған педофилге жеңіл жаза кескен судьяның жаңа қызметке тағайындалуына қатысты түсінік берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жоғары Сот Кеңесінің мәліметі бойынша, Нұрғазы Шетенов өз өтініші бойынша Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылып, осы соттың судьясы болып тағайындалды.

«Жаңалықтар порталдарында көптеген жарияланымдардың шығуына байланысты Жоғары Сот Кеңесі келесіні түсіндіруді жөн көреді. Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Н.Б.Шетеновтің берген өтінішіне сәйкес, ол 2023 жылы 6 қазанда осы соттың судьясы болып қалдырыла отырып, төраға қызметінен босатылды. Қылмыстық істі қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін Н.Б.Шетеновті тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тәртіптік іс Сот жюриінің қарауында. Тәртіптік іс бойынша шешім Сот жюриі отырысының қорытындылары бойынша қабылданатын болады», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары